«Шымкентте Жиделібайсын көшесі уақытша жартылай жабылады»,-деп хабарлайды Qazyr.kz
«Бекжан» базары маңындағы жерасты жаяу жүргіншілер өткелінің құрылыс жұмыстарына байланысты, Жиделібайсын көшесі уақытша жартылай жабылады.
Бекжан базары жанынан Ақниет көшесіне дейінгі аралықта Жиделібайсын көшесі жартылай көлік қозғалысы 2 айға шектеледі.
Транзиттік жүк көліктерінің аталған көшеде кептілісте тұрып қалмауы үшін Түркістан облысы арқылы өтетін балама жолдарды пайдалануына болады екен.
Жабылу мерзімі: 05.07.2023ж. — 01.09.2023ж. аралықты қамтиды.