Сурет: otyrar.kz
Шымкент қаласындағы зират маңында жасырылған қару-жарақ қоймасы анықталды. Тексеру кезінде төрт тегіс ұңғылы мылтық пен түрлі оқ-дәрілер тәркіленді.Бұл туралы Qazyr.kz хабарлайды.
Тергеу нәтижесінде қарулардың кейбірі Алматы қаласындағы қару-жарақ дүкенінен Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланғаны белгілі болды. Сонымен қатар, Қостанай облысында бұрын сотталған азаматтың жертөлесінен үш Калашников автоматы табылды.
ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешевтің айтуынша, Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 1226 қарудың шығу тегі анықталған, ал қалған 6765 қарудың сериялық нөмірлері өшірілгендіктен, олар бойынша қосымша сараптамалар жүргізілуде.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тексеру жұмыстары жалғасуда.