Qazyr.kz порталы
ӘмбебапҚазірҚоғамэкономика

Қазақстанда енді криптовалютамен дүкенде төлем жасауға болады

Соңғы жылдары бүкіл әлемде цифрлық технологиялар мен криптовалюталар саласы қарқынды дамып келеді. Қазақстан да бұл үрдістен шет қалған жоқ. Елімізде криптовалютамен жұмыс істеуді жеңілдететін жаңа қаржы құралы – криптокарталар ресми түрде қолданысқа енгізілді. Енді қазақстандықтар дүкенде сауда жасап, криптовалюта арқылы тікелей есеп айырыса алады, деп хабарлайды Qazyr.kz.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының  алаңында цифрлық активтер қызметін көрсететін лицензияланған провайдерлердің әмияндарына байланған криптокарта жобасы іске қосылды. Бұл жаңа механизм цифрлық активтердің айналымын қолданыстағы төлем инфрақұрылымына қауіпсіз әрі ыңғайлы түрде біріктіруге мүмкіндік береді.

Ұлттық Банктің хабарлауынша, криптокарталар арқылы тұтынушылар қолма-қол ақшасыз операцияларды еркін орындай алады. Карталарда криптовалюта түріндегі активтер сақталады, және төлем жасау кезінде оларды фиат валютасына (мысалы, теңгеге) алдын ала айырбастау қажеттілігі туындамайды. Себебі төлем сәтінде клиенттің цифрлық активтері АХҚО криптонарығында бірден сатылып, оның құны криптокартаға аударылады. Осылайша, нақты төлем шынайы ақша арқылы жүзеге асырылады.

Бұл процестің жеделдігі – банк пен лицензияланған криптопровайдер арасындағы интеграцияның нәтижесі. Яғни, төлем операциясы криптоәмиян балансының бір сәттік пайдаланылуы арқылы жүреді, бұл – қауіпсіз әрі тиімді әдіс.

Ұлттық Банк биыл цифрлық активтер саласында бірқатар пилоттық жобаларды іске қосуды жоспарлап отыр. Олардың қатарында:

ұлттық валютамен соның ішінде цифрлық теңгемен қамтылған стейблкоиндарды шығару;

қаржы активтері мен жылжымайтын мүлікті токенизациялау;

бағалы қағаздарға теңестірілген токендерді шығару;

криптоактивтермен айырбастау және сақтау сервистерін дамыту;

 

Ұқсас жаңалықтар

Беттегі тыртықты қалай кетіруге болады?

redaktor_qazyr

Алматы – оқырмандар қаласы: 2,8 млн алматылық қала кітапханаларына барады

admin_qazyr

Мемлекет басшысы Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиевті қабылдады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz