Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратБілімЖаңалықтар

Сіз 3 сағатта жаңа мамандық иесі атанғыңыз келе ме? Skills Enbek платформасы көмектесуге дайын

Сіз жұмыс орныңызда қыстартуға ілігіп жұмыссыз қалдыңыз ба? Немесе істеп жүрген жұмысыңыз көңіліңізге жақпай, жаңа мамандық қыр-сырын игеріп басқа салада еңбек жасағыңыз келе ме? Ол үшін жоғарға оқу орнына түсіп, қыруар қаржы мен сан жылдар уақыт жұмсаудың қажеті жоқ. Қазіргі технологиялар заманында жаңа мамандық игерудің оңтайлы шешімдері бар. Соның бірі Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасы.

Аталған онлайн платформада  849 мамандық игеру курсы жұмыс істеп тұр. Мамандықтың күрделілігіне қарай білім беру курстарының ұзақтығы 1 сағаттан 72 сағатқа дейін. Таңдаған мамандығыңызды өте жылдам игере аласыз. Оның ішінде 307 мамандық тегін оқытылады, қалғандары ақылы. Елімізде Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасы өте танымал, оны ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен онлайн-курстар ұйымдастыратын оқу орталықтары бірлесіп жүзеге асырып отыр.

2025 жылдың басынан бері 9,3 мың азамат, оның ішінде 7,6 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курстардан өткені туралы сертификаттар алды. Платформада барлығы 513,4 мың қазақстандық тіркелген, оның 14,7 мыңы – 2025 жылы тіркелді. Бұл ретте платформа жұмысының барлық кезеңінде 420,2 мың адам оқудан өтті.

Сондай-ақ, одан әрі оқу үшін білім беру алаңдарына ауысу мүмкіндігімен Courstore, Fluent Education және Яндекс Қазақстан серіктестерінің курстары бар. Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін.

Қантар айындағы ең көп сұранысқа ие курстар – «Кассир», «Қонақ үйлерде сату алаңдарын ұйымдастыру», «Сақтандыру агенті», «Пішу және тігу» және «Сатушы» сынды мамандықтар болды.

Платформада маркетинг және БАҚ, туризм, қаржы және бухгалтерлік есеп және т.б. салалардағы түрлі мамандықтар бойынша тегін курстар саны үнемі артып келеді.

Бұдан бұрын хабарлағандай, Платформа халықтың білім деңгейі мен кәсібилігін арттыруға, мансаптық дамуды ынталандыруға және «өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгерілетуге бағытталған. Ол маркетплейс – қызметтер нарығы қағидаты бойынша онлайн курстарға қол жеткізуді ұсынатын халықаралық оқыту алаңдарына ұқсас құрылған.

Оқуға https://skills.enbek.kz/ сілтемесі арқылы немесе Электрондық еңбек биржасында (enbek.kz) «Онлайн оқыту» бөлімін таңдау арқылы қол жеткізуге болады.

Платформада білім алушы оқытудың қолайлы қарқыны мен тілін, материалды берудің ыңғайлы принципін дербес таңдайды, білім беру үдерісіндегі өзінің ілгерілеуін бақылай алады.

Оқу аяқталғаннан кейін білім алушы 70% шекті деңгеймен тестілеу тапсыруға тиіс. Онлайн курсты сәтті аяқтаған жағдайда дағдыларды игеру туралы сертификат беріледі. Курсты аяқтаудың міндетті шарты – білім алушы тарапынан курсты бағалау. Сертификатты жүктеу кезінде игерген дағдылар бойынша Enbek.kz-те бос жұмыс орындарының ұсыныстары қосылды.

Алынған сертификат Enbek.kz-те тіркелген кезде білім алушы жасаған түйіндемеде автоматты түрде көрсетіледі. Қызметкерлерді іздеу кезінде әлеуетті жұмыс беруші Платформада сәтті оқудан кейін алынған сертификаттарды көре алады.

Авторлар мен әзірлеушілерге арналған платформада онлайн курстарды орналастыру тегін. Курстар мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылуы мүмкін, ақпарат берудің әртүрлі форматтары: мәтін, презентация, бейне және аудио материалдар, инфографика және басқа түрлері болуға тиіс. Платформа ерекше қажеттіліктері бар білім алушылар үшін интерфейсті бейімдеу мүмкіндігін болжайды.

Ұқсас жаңалықтар

Мұрын ашыса не істеу керек?

Redaktor Site

Қашаған Күржіманұлы

Redaktor Site

ҚазМұнайГазда компаниялар тобында өндірісте 43 мыңнан астам адам еңбек етеді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz