Qazyr.kz
Qazyr.kz порталы
ӘмбебапЖаңалықтарҚоғам

Соғыс жылдары

Соғыс жылдары

Сонау соғыс жылдары анам тұратын ауылға ресейден эвакуациямен көшіп келгендердің арасында әнші еврей әйел болыпты. Сіңілсінің екі, өзінің екі баласымен келген екен. Жобасы сіңілісі 37-нің құрбаны болған. Асын бөліскен апамдарға ауылнай «халық жауының отбасы» деп ескертіп қойыпты. Атала піскенде үлкен әжем атала құйылған ыдысты ауылүйден жасырып, еті тірі менің апамды жұмсайды екен. «Мен барсам болды,  бейшаралар бақыттан жылайды. Бірде еврей әйел риза болғаннан қойнынан кішкентай қалта алып, ішінен жауһар көзді алтын жүзігін алып, маған сыйлайды. Қуанғаннан әжеме жүгіріп келдім.  Сонда әжем: «Қызым, бүлінгеннен — бүлдіргі алғанның несібесін құдай кеседі. Қай жетіскеннен берді дейсің. Ешқашан қиналғанның затын алушы болма. Заттың да наласы болады. Қайыр қылсаң, несібеңді құдай алдыңнан, ұрпағыңнан шығарады. Апарып бер?!»- деп, жүзікке қоса жарты таба нанды қойныма жасырып тығып беріп жіберді. Әлігі еврей әйел  құшақтап «әжең неткен мейірімді адам. Бүл жүзікті күйеуім алғашқы ғылыми жаңалығын ашқанда алған сыйлық ақшаға сатып алған еді? Күйеуімнен қалған жалғыз сыйлық «- деп еңіреді. Әжемнің сол әрекеті өмірлік сабақ болды. Көзі қарайғанның қымбат затын ешқашан алмаңдар. Мейлінше тегін бер. Бере алмасаң, өз құнынан асырма. О дүниедегі есебі ауыр болады.»- деп отыратын марқұм анам. Айтпақшы, сол жүзікті әлігі еврей әйел ақыры басқа біреуге бір шелек бидайға айырбастапты. Адамзатқа тән ашкөздік тыйылмаған ғой.  Жәй… Ел басына күн туғанда қара жерден өсіп шыққан картошка мен жәй матадан тігілген масканың құны шарықтағанда, жойқын соғыс кезінде пейілі тарылмаған әжемнің қаракеті есіме түсіп кетті.

Адамның парасаты мен пейілі қиыншылықта таразыға түсетінін мына нәубет тағы да дәлелдеп жатыр ә?.. Италиядағы 101 жастағы қария жеңгенде бізге не бопты?! Құдайдың көзі тура болсын. Жеңеміз! Тек, көмек қолымыздан келмесе де, (көбіміз бір жалақыны еміп отырмыз ғой.

Ұқсас жаңалықтар

Ыбырай Алтынсарин — өнер,білім бар жұртта

redaktor_qazyr

Қазақстанда зейнет жасын төмендету туралы петиция жарияланды

redaktor_qazyr

АЭС-ға қарсылық танытқан Алматыда бес адамды екі айға қамауға алды

redaktor_qazyr
Qazyr.kz

Пікір жазу

Qazyr.kz

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты