Qazyr.kz порталы
ЖаңалықтарҚазірҚоғам

Әлеуметтік қызметтер порталы сала мамандарының жеке деректерімен толықты

Ұйымдарда көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің (бұдан әрі – АӘҚ) сапасын арттыру мақсатында 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда АӘҚ көрсететін мамандардың тізілімі  енгізілді.

Тізілім – бұл Әлеуметтік қызметтер порталында тіркелген мамандардың электрондық тізімі, онда әлеуметтік қызметкер туралы толық ақпарат бар: жеке деректері, білімі, біліктілікті арттыру туралы мәліметтері, аттестаттаудан өту туралы мәліметтері, жұмыс тәжірибесі және т. б.

Тізілім арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін барлық мамандардың тізбесін тиімді қалыптастыруға, әлеуметтік қызметкерлер туралы ақпаратқа қолжетімділікті жақсартуға және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Қазақстанда 2024 жылдың қорытындысы бойынша 1023 объекті  бөлімшелерін ескере отырып, барлығы 502 мемлекеттік ұйым және 122 ҮЕҰ арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Олардың ішінде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары, күндізгі болу орталықтары, оңалту орталықтары мен үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері, уақытша болу орталықтары және дағдарыс орталықтары бар.

Әлеуметтік қызметкерлер бүгінде 8 қызмет түрін көрсетеді, олар:   әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-еңбек және әлеуметтік-медициналық қызмет.

АӘҚ оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, олардың алушыларының жасын және денсаулық жағдайын, сондай-ақ тұру жағдайларын ескере отырып тағайындалады.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда инженерлік желілердің жағдайын апта сайын тексерілетін болады

admin_qazyr

Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өңірлік конференция өтті

admin_qazyr

Түркіменстан мен Өзбекстаннан әкелінген қызанақтардан вирус табылды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz