Qazyr.kz порталы
Пайдалы кеңестер

Спортшыларға қандай тағамдарды жеуге тыйым салынған?

Фото: freepik.com

Биологиялық-белсенді қоспалар (бұдан әрі – ББҚ) асқа қоспа болып табылады, олар дәрі-дәрмекке жатпайды, қосымша тамақтану болғандықтан, олардың мақсаты – зиян келтірмеу. Бірақ осы кезде ББҚ-лар мен спортшыларға арналған тамақтар коммерциялық серпіліске душар болып отыр. Өнімнің сапасын үнемдеу арқылы, аз ғана шығынмен асыра пайда табуды көздеген компаниялар пайда болып жатыр.
Өңірлік допингке қарсы ұйым спортшыларға да, фитнес-клубтарда жаттығатындарға да ББҚ-ларды қабылдамауға шақырады, себебі олардың құрамына орамында аталмаған, соның ішінде тыйым салынған, субстанциялар кіреді.
Қандай да бір қоспаны қабылдауға бел бусаңыз, оның соншалықты қажеттілігіне және денсаулық пен спорттың мансапқа қауіпі жоқтығына көз жеткізіңіз.
Спорттық тамақтану өнімдерінің 70 %-ның құрамынаспортта тыйым салынған, атап айтқанда, анаболикалық стероидтер, психоынталандырғыштар, зәр айдаушылар және басқасы кіретінін естен шығармаңыздар. Әсіресе спорттық тамақтарды интернет арқылы сатып алуда ерекше абай болыңыз.Көптеген елдерде үкіметтер олардың өндірісін тиісті түрде реттемейді. Бұл препараттардың құрамына кіретін ингредиенттер орамда аталған заттарға сәйкес келмеуі, допингке қарсы ережелерге қайшы келуі мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Шәкірт,оқушы туралы жаттау

redaktor_qazyr

Денеге кірген тікенді қалай алады?

redaktor_qazyr

Етті қалай қайнатқан пайдалы?

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz