Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі болып Нұрлан Алдамжаров тағайындалды, деп хабарлайды Qazyr.kz
Нұрлан Алдамжаров Ташкент инженерлік ирригация және ауыл шаруашылығын механизациялау институтын бітірген. Еңбек жолын 1999 жылы «Ташоблмелиоводстрой» трестінің №5 механикаландырылған өндірістік колоннасының 4 разрядты монтаждаушы, шебері лауазымынан бастаған.
2002–2008 жылдар аралығында Ташкент және Шымкент қалаларының коммуналдық кәсіпорындарында түрлі қызметтер атқарған.
2008–2012 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы су ресурстарын реттеу және қорғау бөлімінің жетекші маманының міндетін атқарушы, жетекші маманы, бас маманы.
2012–2014 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Ауыз сумен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, басшысы, басқарма басшының орынбасары.
2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы болып тағайындалды.
2015–2016 жылдары «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы департаменті директорының орынбасары, Партиялық бақылау қызметінің басшысы қызметтерін атқарды.
2016 жылы – ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» РМК гидротехникалық құрылымдар бөлімінің жетекші маманы болды.
2016–2018 жылдары ҚР АШМ Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары.