Qazyr.kz порталы
Қазір

«Таңертең үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен»  Шымкентте тағы бір 16 жастағы жасөспірім жоғалып кетті

«Таңертең үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен»  Шымкентте тағы бір 16 жастағы жасөспірім жоғалып кетті,деп хабарлайды  ҚАЗІР тілшісі.

Шымкент қаласында 16 жастағы Таңнұр есімді бозбала 21 қаңтар күні таңғы сағат 08:00 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған.Ол 2008 жылдың 3 наурызында Шымкент қаласында дүниеге келген,толық аты-жөні Тұрсынбек Таңнұр Анарбайұлы.Физикалық сиппатамасы қара шашты, қоңыр көзді,бойы 165 см. Үйінен шыққанда ол қара түсті күртеше мен жасыл қалпақ киіп кеткен.

Қазіргі уақытта полиция мен еріктілер жасөспірімді табу үшін барынша күш салып, іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Таңнұрдың жоғалуы қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызып отыр.Себебі Шымкентте осы жылдың қаңтар айында қатарынан үш рет жасөспірім жоғалып кеткен еді.

Ұқсас жаңалықтар

2029 жылы Апофис астероиды жерге жақын аралықтан өтуі мүмкін — Ғалымдар алаңдаулы

redaktor_qazyr

Смадияров Таяу Шығысқа саяхаттағысы келетін қазақстандықтарға ескерту жасады

admin_qazyr

«Сарыағаш-информ» газетінің редакторы тағы 20 тәулікке қамалды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz