Аталмыш шара еліміздің оңтүстік өңірлерінде және Маңғыстау облысында өтті. Экологиялық акция өзен, көлдердің, су қоймалары мен басқа да су айдындарының жағалауларын тазартуға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Тазалық жұмыстарына 43 мыңға жуық адам қатысты, оның ішінде мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың қызметкерлерімен қатар, еріктілер мен экоактивистер де бар.
Жиын нәтижесінде 6 мың тоннадан астам қоқыс жиналып, 1,5 мың га жер тазартылды.
Экологиялық акциялар – бұл аумақты қоқыстардан тазарту ғана емес, сонымен қатар жас ұрпақты экологиялық мәдениетке тәрбиелеу, жергілікті тұрғындардың назарын экология мәселелеріне аудару, табиғатқа ұқыпты қарауға шақыру.
«Таза жағалау» акциясы «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылуды.