Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Жанармай бағасы өсті: Пойыз бен такси қызметтері қымбаттай ма?

Елімізде жанар-жағармай бағасының қымбаттауы көлік қызметтерінің тарифіне әсер ете ме? Бұл сұрақ Үкіметте өткен брифингте Көлік министрі Марат Қарабаевқа қойылды.Бұны Qazyr.kz хабарлайды.

Министрдің мәлімдеуінше, ұшақ билеттерінің бағасы өзгермейді, себебі әуе отыны бұрыннан нарықтық бағамен сатылады. Ал теміржол билеттерінің құны мемлекет тарапынан реттелетіндіктен, пойыз билетінің қымбаттауы қарастырылып отырған жоқ.

Такси қызметіне келер болсақ, бұл саладағы бағаны нарық анықтайды. Сондықтан жанармайдың қымбаттауы такси тарифіне әсер етуі мүмкін. Алайда бұл мәселе тек жанармай құнына емес, жалпы сұраныс пен нарықтық жағдайға да байланысты болмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Астана іргесіндегі өрт. Дәрігерлер астаналықтарды көшеге шықпауға шақырды.

redaktor_qazyr

Тіске қалай күтім жасау керек?

redaktor_qazyr

Бұрынғы Мәдениет және спорт Вице-министрі Ерлан Қожағапанов ұсталды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz