-2.7 C
Шымкент
30-Қаңтар, 2025
Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Тоқаев экономиканы әртараптандыру және инвестиция тарту керектігін айтты

2025 жылдың 28 қаңтарында президент Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды Qazyr.kz.

Кеңейтілген отырыста еліміздің 2024 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айтылды.

Экономиканы әртараптандыру. Былтыр өңдеу өнеркәсібі саласында 180 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Жобалардың жалпы құны – 1,3 триллион теңге. Соның нәтижесінде осы саладағы өсім 6 пайызға жуықтады. Бұл – соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Осы жақсы үрдісті біржола орнықтырып, сақтап қалу керек.

Тағы бір аса маңызды мәселе – экономикаға инвестиция тарту. БҰҰ мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша айтарлықтай табысқа қол жеткізген. Дегенмен тоқмейілсуге негіз жоқ.

Инвесторлардың мәселесін шұғыл шешу үшін Инвестиция штабы құрылды. Соның арқасында бюрократиялық кедергілер мен құқықтық қарама-қайшылықтар жойылып, кейбір жобаларды тезірек жүзеге асыруға жол ашылды. Алайда басты мақсат – «жекелеген» проблемаларды ғана шешпей, елдегі тұтас инвестициялық ахуалды жақсарту.

Инвестициялық жобаларды әзірлеу барысында ведомствоаралық үйлестіруге әлі де көп уақыт кетеді. Үкімет басы артық бюрократиядан арылып, жедел жұмыс істеуі керек.

Мемлекеттік қызметшілердің құлықсыздығы және жауапкершілік алудан тайсалуы келісу рәсімдері мен шешім қабылдаудың тым ұзаққа созылуына себеп болып отыр. Мұны ашық айтқан абзал», деді —  Президент.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан обл: Полицейлер сенбі,жексенбі күндері жүргізген рейдте 182 құқық бұзушылықты анықтады

redaktor_qazyr

Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды

redaktor_qazyr

Шымкентте полиция есірткі зертханасын жойды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz