Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратСаясат

Тоқаев су басқан өңірлердің әкімдерімен телефонмен сөйлесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдерімен телефон арқылы сөйлесті.Бұл туралы QAZYR.KZ хабарлайды.

Аталған облыстардың әкімдері Президентке өңірлердегі ахуал жайында, табиғи апатпен күресу және су тасқынының зардаптарын жою үшін қабылданған шаралар жөнінде есеп берді.

Аймақ басшыларының айтуынша, жалпы жағдай жіті бақылауда, табиғи апатпен күресу үшін адам күші де, техника да жеткілікті.

Президенттің тапсырмасымен Республикалық штабқа жетекшілік ететін Премьер-Министр Олжас Бектенов бастаған Үкімет мүшелері су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға жіберілген болатын. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың керек-жарағын шешу бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Шардарада «Жайлы мектеп» қолданысқа берілді

admin_qazyr

Монтайтас ауылдық округіне көгілдір отын қашан келеді?Депутат Маханбет Төлебековпен сұхбат

redaktor_qazyr

Алматыда тау көшкіні, сел жағдайына бақылау күшейтілді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz