Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚазір

Қазақстанда Ұлттық гидрогеологиялық қызмет құрылады

«Қазгидрогеология» Ұлттық гидрогеологиялық қызметін құру туралы НҚА жобасы жарияланды.Бұл туралы QAZYR.KZ тілшісі хабарлайды.

Министрліктің ұсынысына сәйкес, Ұлттық гидрогеологиялық қызмет жерасты суларын басқару, іздестіру-барлау жұмыстары және мемлекеттік мониторинг саласында мемлекеттік саясатты жүргізу үшін ұйымдастырушылық және басқа да қажетті өкілеттіктерге ие болады. Жерасты суларын ұтымды пайдалану мәселесі ерекше бақылауда болады.

«Болжам бойынша, еліміздегі жерасты суларының көлемі шамамен 40 текше километр, оның ішінде 15 текше километр – пайдалануға дайын қор. Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасында жерасты суларын пайдалану үлесі небәрі 7-10%. Біз халықты ауыз сумен қамту, суару және жайылымдық мал шаруашылығы үшін жерасты су ресурстарын белсенді пайдалануға ниеттіміз. Бұл ретте еліміздің жерасты сулары қорларының сарқылуына және ластануына жол берілмейді»,

— деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында азаматтарға 160 млн теңге шығын келтірген күдіктінің ісі сотқа жолданды

redaktor_qazyr

Үкімет ауылдағы медицина мен перинаталдық көмекті жетілдіруге кірісті

admin_qazyr

Қазақстанда шетелден заңсыз әкелінген телефондар бұғатталады

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz