Qazyr.kz порталы
Руханият

Түнгі сыр

Түнгі сыр

Өзіңді үнсіз ғана сағынатын,
Құшағына қысады тағы да түн.
Дірілдеген жүрегім дірдектейді,
Көктөбедей ақ бұлтты жамылатын.

Сұр тұмандай сейілмейтін мұңдарымды,
Байқамадың арман ғып шыңдарыңды.
Алатаудың баурайында ғашық қылып,
Ақ үміт боп ұрладың жылдарымды.

Күреседі кім болсын бағы үшін,
Бағы үшін қолында бары үшін.
Ал,мен болсам алыстан телміремін,
Сағындырған жанымды сары мүсін.

Уысымда тұрмайсың уақыт сусып,
Алшағырақ кетті ме бақыт ұшып?!
Емрене сүйеді түнде мені,
Сап-салқын бауырына қатты қысып.

Тұнжыраған үнсіз дыбыс,тағы түн,
Сыланған ай бүркеп алды жарығын.
Өмір-өзен терең сайда сарқырап,
Жылдам зулап ағызуда барлығын.

14.09.2016ж Алматы
Біржан Досжан

Ұқсас жаңалықтар

Вернер Фон Браун

Redaktor Site

Сезім

redaktor_qazyr

Өмір сабағы

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz