Qazyr.kz порталы
Руханият

Түнгі бақ

Түнгі бақ

Аспаннан айдың сәулесі түсіп,
Самал соғатын қайда бақ?!
Толқын бұрқақтың жағасын жәймен,
Жататын кезде аймалап.

Сылдыры судың өзгермегенмен,
Орындықтарда жабырқап.
Жалғыз неге бұл келді екен деп,
Сұрайды тілсіз таңырқап.

Баяғы желек,
Баяғы жолдар,
Тек қана мұнда сен жоқсың.
Майысқан талдар,
Саялы жерлер,
Көңілге енді ем бопсың!

Сағынған кезде,
Келемін кейде,
Үзілмеген соң ақ үміт,
Өткен шақтарға,
Түнгі бақтарға,
Тұрады мені шақырып…

Аспаннан айдың сәулесі түсіп,
Самал соғатын қайда шақ?!
Толқын бұрқақтың жағасын жәймен,
Жататын кезде аймалап.

11.06.2016ж Алматы
Біржан Досжан

Ұқсас жаңалықтар

Азат Перуашев: Қабдеш Жұмаділдің 90 жылдығы ел көлемінде аталып өтуі керек

admin_qazyr

Моно Лиза туралы дерек

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz