Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Түркістан обл: Полицейлер сенбі,жексенбі күндері жүргізген рейдте 182 құқық бұзушылықты анықтады

Түркістан облысының полицейлері сенбі,жексенбі күндері жүргізген рейдте 182 құқық бұзушылықты анықтады.Бұл туралы Qazyr.kz хабарлайды.

“Тәртіп сақшылары сенбі, жексенбі күндері жүргізген рейд барысында жалпы 182 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде 151-і жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша.
Мәселен ұсақ бұзақылықтың-9, қоғамдық орындарда мас күйінде жүрудің — 6, абаттандыру ережелерін бұзудың — 12, мал жаю ережелерін бұзудың- 2 дерегі анықталды.
Бұдан басқа, техникалық байқаудан өтпеген -8, автокөлікті басқару кезінде телефонды пайдаланған — 6, қауіпсіздік белдігін тақпаған — 37, маневр жасау ережелерін бұзған-5 және мас күйінде көлік басқарған -1 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзған 23 жаяу жүргіншіге әкімшілік шара көрілді. Айыппұл тұрағына 7 көлік орналастырылды.”,-делінген Түркістан облысы Полиция Департаментінің баспасөз қызметінің хатында.

Ұқсас жаңалықтар

Өлең: Кездесерміз мүмкін әлі

redaktor_qazyr

4 адамның өліміне себепші болған жүргізуші 5 жылға сотталды

Redaktor Site

Түркістанда 2026 жылы ескек есуден Азия чемпионаты өтеді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz