18.3 C
Шымкент
17-Апрель, 2025
Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы саласында көш бастап тұр

Түркістан облысы еліміздің ауыл шаруашылығы саласындағы жетекші өңірлердің бірі ретінде өз позициясын нығайтып келеді. Өңір республика бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің 13%-ын өндіру арқылы бірінші орынға шығып отыр. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен өткен агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелеріне арналған мәжілісте мәлім болды.

Әкімнің айтуынша, ауыл шаруашылығы облыс экономикасының негізгі саласы болып табылады. Сол себепті өндіріс көлемін арттыру, жаңа технологиялар енгізу, инвестиция тарту, сонымен қатар терең өңдеу жұмыстарын дамыту – басты міндеттердің бірі.

Өнімділік пен инвестиция – басты назарда
Облыста ауыл шаруашылығында өндірілген өнім көлемі 1 трлн теңгеден асып, агроөнеркәсіп кешеніне 146,1 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы республикада екінші орынға тұрақтады.

Әкім егіс көлемін ұлғайтуға және жаңа технологияларды енгізуге ерекше көңіл бөлуді тапсырды. Облыс аумағында егістік жерлердің көлемі 37 мың гектарға ұлғайып, жалпы аумағы 906,2 мың гектарға жетуі жоспарланған. Сонымен қатар, мақта-тоқыма кластерін дамыту және су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары жалғасады. Атап айтқанда, 47 мың гектар жерге су үнемдеу жүйелері орнатылады.

Ауыл шаруашылығының жаңа мүмкіндіктері
Салаға тартылатын жалпы инвестиция көлемі 155 млрд теңгені құрамақ. Бұл қаржы 35 ірі жобаны жүзеге асыруға жұмсалады, оның ішінде 7 қайта өңдеу кәсіпорнын ашу көзделіп отыр. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы техникаларының паркі жаңартылып, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында кооперация жүйесі

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8,5 жылға сотталды

redaktor_qazyr

Британия, Франция және Германия: Палестиналықтарды мәжбүрлеп көшіруге қарсымыз

redaktor_qazyr

Әлем жабылса да, Қазақстан жабылмайды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz