Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Түркістан облысы: Монтайтастық тұрғындар 1 айдан бері ауыз суға зәру

Түркістан облысы Арыс ауданына қарасты Монтайтас ауылының тұрғындары 1 айдан бері ауыз суға зар болып отыр.Әкімдіктің табалдырығын тоздырған батыл әйел,ауылдағы ауыз судан бөлек, кей көшелерде тас жолдың төселмегендігін айтып әкімнің бетіне басты.Бұл туралы Qazyr.kz Azatnews.kz-ке сілтеп хабарлайды.

«Ауыл әкімдігінің табалдырығын 2020 жылдан бері тоздырып келемін.«Біздің мәселемізге назар аударар!»,- деген үмітпен бейне үндеу жолдадым.Көшеде тас жолдың жоқтығынан қыс,көктем мезгілінде жауын мен қар суының еруінен батпақ кешеміз.Көшеге шықсақ та,жұмысқа шықсақ та резеңке етікпен барып келетінімізді көрсетіп бейнетаспаға түсіріп те көрсеттім.Бірақ оны еститін құлақ болса қане?! Біздің көшеміздегі балаларға обал, мектепке аяғы батпаққа батып лай-лай болып әрең жетеді.Қанша сапалы,қымбат аяқ киім кигенімізбен, аяғымыздағы бәтеңкеміз тоз-тозы шығып, бәтеңкемізді шұлықша ауыстырамыз.», -дейді әкімдікке ашынған әйел.

Сондай-ақ, ауылда 1 айдан бері ішерге қара су таппай отырғандығын,суды сатып алып ішіп отырғандығын айтты батыл әйел.Неге батыр әйел дейсіз бе? Редакциямызға ауыз су мәселесі бойынша 50-ге жуық ауыл тұрғыны хабарласып,мәселені көтеруін өтінді.Алайда түсіру тобы Монтайтас ауыл тұрғындарынан сұхбат алуға келгенінде,шағым қалдырған бірде-бір адамды кезіктірмеді.Тіпті кейбірі телефон тұтқасын да көтермей,үйлерінің ішіне тығылып  ғана сығалап тұрды.

Ауыл тұрғыны Нұргүл есімді Монтайтасты бетке ұстар белсенді, ауылдағы шешімі таба алмай жатырған былықтарды ауыл әкімінің бетіне айтып,оның орындалуын талап ете білді.

Монтайтастағы ауыз су мәселесі оң шешімін тауып,Нұргүл ханым айтып отырған көшедегі тас жолдың мәселесі жақын арада шешімін тауып,ауыл тұрғындарынан жағымды хабар естиміз деген үміттеміз! Біз міндетті түрде Монтайтас ауылындағы ауыз судың,ауыл тұрғындарына толыққанды берілуі мен Нұргүл ханым айтқан көшеге, тас жолдың салынуын асыға күтеміз және көтеріліп отырған мәселелердің шешілуін Монтайтас ауыл әкімі Ербол Ахметов мырзаға сеніммен тапсырдық және бақылауда ұстаймыз! Егер ауыл тұрғындары айтқан осы мәселелер шешімі табылмаса,біз құзырлы органдарға арызданамыз!

Аудионұсқасы:

Ұқсас жаңалықтар

Автобустан құлаған тұрғын 13 млн теңге өндіріп алды

Redaktor Site

Батыс Қазақстанда заңсыз жер сатқандар құрықталды

Redaktor Site

Қызылордада антикорға пара берген мешіт имамы жұмысынан қуылды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz