Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Түркістан облысында полицейлер қоғамдық орында кальян тұтынған тұрғындарға айыппұл салды

Түркістан облысында полицейлер кальян шегуге тыйым салу заңына сай рейдтік іс-шара өткізді Нәтижесінде қоғамдық орындарда кальян тұтынған 82 тұрғынға айыппұл салды. Рейд барысында облыстағы аты шулы, көпшілікке танымал демалыс және ойын-сауық орындары тексерілді. Бұл туралы Qazyr.kz хабарлайды.

Рейдттің нәтижесінде полиция қызметкерлері облыс орталығындағы көңіл көтеретін орындарда қорқор тұтынудың 82 дерегін анықтап, жалпы 2,5 миллион теңгеге жуық айыппұл салды. Мәселен, танымал клубтың бірінде келушілерге ұсыну үшін кальян шеккен жас жігіт анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар кальян тартқан бірнеше жас қыздарға полиция тарапынан шара көріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі таңда тәртіп сақшылары кальян шегумен тұтынуға байланысты құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған рейдті жалғастыруда.

Полиция заңмен тыйым салынған денсаулыққа зиян нәрседен бас тартып, тәртіпке бағынуға шақырады.

Ұқсас жаңалықтар

Ерболат Досаев Беларусь елшісімен кездесті

admin_qazyr

Алматыда заңсыз салынған тағы бір нысан бұзылып жатыр

admin_qazyr

Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламға көңіл айтты

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz