-5.7 C
Шымкент
22-Қаңтар, 2025
Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Түркістан облысында көктемгі су тасқынына қарсы дайындық жұмыстары жүруде

Түркістан облысында көктемгі су тасқынына қарсы дайындық жұмыстары жүруде.Бұл туралы Qazyr.kz  тілшісі хабарлайды.

Түркістан облысында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында кешенді шаралар қолға алынды. Бұл мәселе өңір басшысының төрағалығымен өткен аппараттық жиында қаралды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров тиісті мекемелер мен аудан, қала әкімдеріне төтенше жағдайлардың алдын алу үшін барлық қажетті жұмыстарды сапалы атқаруды жүктеді.

Облыс әкімі берген тапсырмалар:

Су басу қаупі жоғары аймақтарды түгел тексеріп, жағдайды бақылауда ұстау;

Су қоймалары, каналдар мен өзендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

«Шардара» су қоймасының жағдайын тұрақты қадағалап, белгіленген шараларды дер кезінде жүзеге асыру.

Атқарылған жұмыстар:
Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы, полковник Асқар Төлешевтің мәліметінше, су тасқынына қарсы инженерлік жұмыстардың 28 тармағы аяқталды, тағы үшеуі жалғасуда. Аяқталған жұмыстардың нәтижесінде:

68,2 шақырым қашыртқы арналары тазартылды;

Келес ауданында 14 шақырым арық тазартылды;

Сарыағаш қаласында 350 метр канал бетондалды;

Сайрам ауданындағы Арыс өзенінде 500 метр арна реттелді;

Сауран және Отырар аудандарында 5 су бөгеті орнатылды.

Сонымен қатар, күзгі-қысқы және көктемгі су тасқынына дайындық жоспары бойынша:

461 шақырым арық (1203 нысан), 165 канал (654 шақырым) және 30 шақырым дюбинг өткелдері тазаланды;

263 арнайы техника жұмылдырылды;

109 мың қап пен 1416 тонна инертті материал дайындалды;

Төтенше жағдай болған жағдайда пайдалануға арналған 141 тонна жанармай және тұрмыстық қажеттіліктер үшін кәсіпкерлермен меморандум жасалды.

«Шардара» су қоймасындағы ахуал:
Су қоймасының толу деңгейі 86%-ға жетті. Қазіргі уақытта қоймаға секундына 1215 текше метр су келіп, 1305 текше метр су шығарылып жатыр.

Қосымша:
Көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында 1064 жеке құрам, 124 техника, 11 қайық пен 92 мотопомпа дайындыққа келтірілді. Су тасқынына қарсы жұмыстар облыс әкімдігінің ерекше бақылауында.

Ұқсас жаңалықтар

Қасты қалай өсіруге болады?

redaktor_qazyr

Абай облысындағы өрт қашан толық сөндіріледі

admin_qazyr

«Жақсы адамдар дүниеден ерте өтеді» деген рас па?

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz