Басты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Түркістан облысында өзіне қол салған полиция майоры,өліміне бастығы кінәлі екендігі жазып, хат қалдырған.

Түркістан облысы,Ордабасы ауданының полиция майоры 11 наурыз күні өз-өзіне қол салып,о дүниелік болды.Бұл туралы QAZYR.KZ ақпарат агенттігі Otyrar.kz пен өзге де БАҚ-ның дереккөздеріне сілтеп хабарлайды.

Марқұмның мәйітінің жанында соңғы қоштасу хатын отбасы тауып алған.Хатта отбасы мен балаларын жақсы көретіндігін,бастығының өзінің өліміне тікелей қатысы бар екендігін жазып қалдырған.

Аудандық полиция бөлімінде майор шенінде қызмет еткен ұлының басшылықтан қысым көргенін айтқан әке, баласының қазасынан бір күн алдын бөлім бастығы өзін шақырғанын айтады.

«11 күні кешкі 17:00-де полиция бастығы Қуашбаев Ғалымжан маған хабарласты. «Сіз Ратбектің әкесісіз бе?» деді, «Иә» дедім. «Сіз келіп кетіңіз маған, Ратбектің артынан қылмыс қозғалайын деп жатыр» деді. 240 мың ақша мылтыққа қарыз екен деп. 240 мың қарыз болса, мен-ақ бере салайын» дедім. «Онда ертең балаңызды ертіп келіңіз» деді», — дейді марқұмның әкесі Әзіретәлі Жүзеев.

Ұлының бастығымен жолыққан кейін, әкесі артынша ұлына хабарласып мән-жайды сұраған. Ратбек бастығының өзінен «орнын босатуды талап еткенін, келіспеген соң, өзі жоқ кезде қызметін ауыстырып жібергенін» жеткізіпті.

«Әкесіне, нағашысына қару істеп бергенмін. Сол нәрсенің бәрін тегін істеп бергенмін. «Ішкендерің, лишениеге кеткендерге толтырған протоколдарды жоқ қылып, ақшасын маған әкеп бер» деді. Мен «ол тірлікті істей алмаймын» дедім. «Істемесең орныңды босат» деді. Істейтін, ақша алатын адам орныңа табылады. Сонымен мені қызметтен босатты», деп айтты ұлым»,- дейді марқұмның әкесі.

Ұлы қайтыс болғанына 16 күн өткеннен кейін,бастығы үйге келді,- дейді марқұмның анасы.

Марқұмның артынан 3 ұлы мен 1 қызы қалды.Туыстары кінәлілер анықталып,өз жазасын алуын талап етеді.

Ұқсас жаңалықтар

Мұғалімнің айлығын сағат санына байламау керек

redaktor_qazyr

Астанадан өңірлерге 30 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді 

redaktor_qazyr

Арыс: 7 жасар жоғалған бала табылды

redaktor_qazyr

Пікір жазу