-3.7 C
Шымкент
30-Қаңтар, 2025
Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Түркістанда дәрігерлер 6 жасар қыздың асқазанынан 1 келі шаш алып шығарды

Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері 6 жасар қыздың асқазанынан үлкен көлемде ұйысқан шаш алып шықты. Хирургиялық ота кезінде алынған шаштың салмағы шамамен 1 келіні құрады.Бұл туралы Qazyr.kz тілшісі хабарлайды.

Баланың анасының айтуынша, қыз соңғы бір ай ішінде асқазан тұсының ауыратынын айтып, әлсіздік сезінген. Сонымен қатар, тәбеті төмендеп, салмағы да күрт азайған. Дәрігерлерге жүгінген соң, зерттеулер нәтижесінде оның асқазанында ұйысқан шаш жиналғаны анықталды.

Облыстық балалар ауруханасының хирургі Мұқағали Темірбековтің айтуынша, мұндай жағдайлар көбінесе баланың қараусыз қалуынан туындайды.

«Кейбір балалар әртүрлі заттарды аузына салып, жұтып қояды. Кейбірінде шаш жұлу әдеті байқалады. Бұл психологиялық немесе неврологиялық мәселелерге байланысты болуы мүмкін. Егер мұндай жағдай уақытында анықталмаса, ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Сондықтан ата-аналар балаларын мұқият қадағалауы керек,» – деді дәрігер.

Мамандардың айтуынша, ұйысқан шаш асқазан мен ішек жолдарын бітеп, денсаулыққа елеулі қауіп төндіреді. Мұндай жағдайларда баланың жағдайын бақылап, қажет болған жағдайда психолог немесе психиатрға жүгіну маңызды.

Дәрігерлер ата-аналарға балаларын үнемі бақылауда ұстауға, олардың денсаулығы мен әдеттеріне ерекше көңіл бөлуге кеңес береді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Аймақтағы су тасқыны бойынша соңғы ақпарат

redaktor_qazyr

Америкадан 369 қазақстандық депортацияланады

admin_qazyr

Құқық қорғаушылар «Орал апталығы» газетіне салынған айыппұлды жоюды талап етуде

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz