Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірэкономика

Үкімет туризмды дамыту арқылы экономикаға тың серпін бермек

Еліміздің туризм саласын дамыту және цифрландыру жөнінде ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен  Үкімет отырысы өтті деп хабарлайды Qazyr.kz

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов саладағы көрсеткіштер мен нәтижелер туралы баяндады. Өз кезегінде бірқатар өңір әкімдері, Рioneer отбасылық курортының басшысы Мұрат Қаратай, «Астана Концерт» компаниясының продюсері Мәлік Хасенов баяндама жасады.

2024 жылдың қорытындысы бойынша ішкі туристер саны 10,5 млн адамды құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 900 мың адамға артық. Жалпы, Туризм және спорт министрлігінің деректері бойынша елімізге15 млн-нан астам шетелдік қонақ келген.

Премьер-министр туристік саланың айтарлықтай әлеуеті барын және туризм ел экономикасының өсуіне жаңаша серпін беретін салаға айналуы қажет екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша аталған салада ірі инвестициялық жобалар қолға алынды. Алматы қаласы мен Алматы облысында тау кластерін дамыту жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Шығыс Қазақстан – тау шаңғысы мен табиғи туризмді дамытуға қолайлы өңір. Щучинск-Бурабай курорттық аймағында жыл бойы жұмыс істейтін туристік нысандар құруға, экологиялық және спорттық туризмді дамытуға мүмкіндік беретін ауқымды жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Ақтау маңындағы “Жылы жағажай” аумағында бес жұлдызды қонақ үй мен тақырыптық ойын-сауық паркін салу жобалары іске асырылды. Аталған өңірдегі Кендірлі курорттық аймағында әуежай салынып, туризмді дамытуға тың серпін беріледі. Сонымен қатар фермерлерге агротуризммен айналысуға құқық беру үшін тиісті жұмыстар жүріп жатыр. Үкімет инвесторларға барынша қолдау көрсетіп, туындайтын мәселелерді шешуге қашанда әзір», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бүгінде Үкімет туристік инфрақұрылымды дамыту бойынша кешенді шаралар қабылдауда.

Өткен жылы Ұлы Жібек жолының бойымен өтетін «Жібек жолы» туристік пойызы іске қосылды. 125 теміржол вокзалын ауқымды жаңғырту жұмыстары басталды. Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында әуежайлардың жаңа терминалдары салынды. Көші-қон рәсімдерін оңайлату шаралары қолға алынды. Мәселен шекара бекеттерінде ұйымдасқан туристік топтарды кезексіз өткізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл шара паспорттық бақылаудан өту уақытын 5 есеге қысқартуға мүмкіндік берді.

Туристік саланы одан әрі дамыту мақсатында Премьер-министр бірқатар тапсырма берді:

Туризм және спорт министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп, екі ай мерзімде барлық мәдени, оқиғалық, спорттық және басқа да іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін бекітсін. Тарихи ескерткіштерді, көркем табиғи пейзаждарды және еліміздің басқа да көрікті жерлерін турларға интеграциялау керек. Сонымен бірге, экологиялық талаптардың бұзылмауын, табиғи және мәдени ескерткіштердің сақталуын нақты қадағалап отыру маңыздылығы атап өтілді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Астана қаласында 3-7 қыркүйек халықаралық шабандоздар бәйгесі өтеді

redaktor_qazyr

Ресейдің бөлінуі Қапқаздан басталады- Саакашвили

redaktor_qazyr

Плюшкин синдромы бар семейлік ер адам сериялық ұрлық үшін ұсталды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz