Qazyr.kz порталы
Саясат

ҰҚК Назарбаев отбасына қатысты саяси провакацияның қайнар көзін тексеруде

Әлеуметтік желілерде бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасын насихаттайтын материалдардың таралуына қатысты мәжіліс депутаты Ермұрат Бапидың түсірген шағымына ҰҚК-і жауап берді.

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи 2024 жылы қараша айында мәжіліс отырысында экс-президенттің қызы Дариға Назарбаеваның әлеуметтік желілерде жиі насихатталатыны жөнінде мәселе көтерген.

Жақында әлеуметтік желілерде парламент сенатының бұрыңғы төрайымы Дариға Назарбаеваны мадақтайтын видео тарады.

– Егер Дариғаның адами қасиеттері өзгелерден жоғары болса, онда дау жоқ. Алайда оның саяси салмағы бойынша елімізде екінші адам болғанын ескерсек, бұл әрекетті өтіп кеткен ескі саяси жүйені аңсау деп есептеймін, – деді депутат Ермұрат Бапи.

Аталған мәселе бойыша Бапи мәдениет және ақпарат министрлігіне, ҰҚК-не депутаттық сауал жолдады. Депутаттың ойынша бұндай әрекеттер саяси манупуляция болып саналады. Ол деструктивті ақпарат көзін тауып, таралмауын қадағалау керек деді.

Өз кезегінде ҰҚК-і жыл басынан бері заңға қайшы 330 контентті анықтаған, 29 адамға қылмыстық іс қозғап, 30 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Саяси провакациялық ақпаратты таратушылардың көбісі шетелдік платформаларда тіркеліп анонимдігін сақтап отыр, ол өз кезегінде анықтау, жалған ақпараттың таралмауын қатағалауда қиындықтар туғызады.

ҰҚК-і осы бағыттағы  жұмыстардың ары қарай жалғасатынын жеткізді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Президент Тоқаев Швеция Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

redaktor_qazyr

Қазақстан билігі орыс тілін дамытуға 131 миллион теңге бөлмекші.Мәжіліс «орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құру туралы шартты» мақұлдады

redaktor_qazyr

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов  тұрғындарды 19 маусым – Қала күнімен құттықтады.

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz