Үлкен үйден басталған жол ауладан сыртқа шығып жатыр. Әрі қарай қою тұманды бұлыңғыр дүние. Бір шетте қураған ағаш діңі. Үйді айнала жас көшеттер отырғызылған. Бір қараған жанға барлық өмір өз орнында тәрізді. Дегенмен қураған ағаш пен тұманды дүниенің арасында көп әңгіме бар. Бүгінгі аласапыран кезеңнің ертеңгі келешегі қандай? Болашаққа баратынымыз анық. Бірақ аула сыртындағы өмір қандай бұлыңғыр болса, біздің болашағымыз да сондай бұлыңғыр емес пе? Шынын айту керек қой, күні өткен ағаш қурады, мынау жаңа отырғызылған жас көшеттер жетілгенше, тұман ашылып, жақсы мен жаманның жүзі айқын көрінгенше көңілге көп күдік ұялайды. Олай болу — заңды, әрбір ойлы жанға тән құбылыс. Қураған ағаш көктемейді өткен қоғамға оралу жоқ! Ауланың сыртындағы көп дүниені көру үшін, тұманның ашылуын күту керек.
Автор: Әмзе Қалмырзаұлы