Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Әлемдегі ең қымбат фотосурет

Әлемдегі ең қымбат фотосурет 6,5 миллион долларға сатылды

Австралиялық фотосуретші Питер Ликтің «Елес» түсірілімін Лос-Анджелесте коллекционер 6,5 миллион долларға сатып алды, деп хабарлады The Guardian. Сөйтіп «Елес» суреті бұдан бұрынғы неміс Андреас Гурскиге тиесілі әлемдегі ең қымбат фотосурет рекордын басып озды.
Лик жұмысы АҚШ-тың оңтүстік-батысындағы Антилопа Каньонда түсірілген. Онда жартас арасына түскен сәуле шағылысы бейнеленген. Жарық сәулесі елеске қатты ұқсайды, сондықтан да картина «Елес» деп аталып кеткен.
Бүгінге дейін ең қымбат фотосурет рейтингісінде Андреас Гурскидің «Рейн II» картинасы көш бастаған. 2011 жылы ол 4,3 миллион долларға сатылған.

Ұқсас жаңалықтар

«Монтайтас-Арыс» такси бағасының негізсіз көтерілуіне тосқауыл қойылды» Монтайтас округінің әкімі халыққа жақын екенін тағы бір мәрте дәлелдеді

redaktor_qazyr

Қазақстанда Голливудқа жол ашық: NYFA таланттарға тегін оқу мүмкіндігін ұсынады

admin_qazyr

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz