Qazyr.kz порталы
АймақӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Ұлттық креатив фестивалі: Мәдениет, өнер және білім саласын біріктірген ерекше шара

Қазақстанда алғаш  Ұлттық креатив фестивалі өтіп жатыр. Бұл фестиваль отандық мәдениет, өнер және білім беру саласы өкілдерін біріктіруді мақсат тұтады. Аталмыш іс-шара 21–26 сәуір аралығында еліміздің алты қаласында — Астана, Алматы, Павлодар, Атырау, Өскемен және Шымкентте өтеді, деп хабарлайды Qazyr.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Фестиваль бағдарламасына шеберлік сағаттары, дәрістер, шығармашылық зертханалар, дизайнерлер мен суретшілердің көрмелері, сондай-ақ қолөнершілердің жәрмеңкелері енгізілген. Сондай-ақ, өнерпаздардың сахнада өнер көрсетуі, білім беру мекемелері шығармашылық бастамаларының таныстырылымы, сондай-ақ бизнес пен қоғамдық ұйымдардың жобалары ұсынылады. Жалпы, 100-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған.

Ұлттық креатив фестивалінің басты мақсаты – креативті индустрияның дамуын қолдау және оның әлеуетін ел тұрғындары мен қонақтарына таныстыру. Бүгінде бұл сала әлемнің көптеген елінде жаңа жұмыс орындарын ашуға, бизнестің дамуына және мәдени құндылықтардың жаһандық деңгейде таныстырылуына оң ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл индустрия инновациялық процестердің қозғаушы күші болып табылады.

БҰҰ мәліметі бойынша, креативті индустрия әлемдік ЖІӨ-нің шамамен 3,1%-ын құрайды және бұл салада еңбекке қабілетті халықтың 6,2%-ы жұмыс істейді. Оның ішінде жастардың үлесі айрықша. Сарапшылардың болжамы бойынша, 2030 жылға қарай креативті индустрия әлемдік ЖІӨ-нің 10%-ын құрай алады. Ал Қазақстанда 2029 жылға дейін бұл саланың экономикаға қосатын үлесі 2%-ға дейін артады деп күтілуде.

Фестивальді ұйымдастыру комитетінің айтуынша, Қазақстанның Дүниежүзілік креатив күнін атап өтуі елдің креативті экономикаға деген қолдауы мен мәдениет, білім және инновациялар саласында халықаралық серіктестікті нығайту жолындағы маңызды қадам болып табылады. Ұйымдастырушылар 2026 жылы фестивальдің ауқымын кеңейтіп, елдің барлық өңірлерін қамтуды жоспарлап отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Жас келінге өсиет

redaktor_qazyr

Астанадан өңірлерге 30 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді 

redaktor_qazyr

Ақтау қалалық сотының төрағасы 18 млн пара алып ұсталып қалды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz