Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтар

Ұлттық ұланның бас қолбасшысы ауысты

Президент үкімімен Ұлттық ұланның бас қолбасшысы ауысты, деп хабарлайды Qazyr.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Аңсаған Балтабеков Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды. Балтабеков бұл қызметке мемлекет басшысының өкімімен тағайындалды. Ал Еркін Ботақанов Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Аңсаған Балтабеков 2002-2017 жылдары Мемлекеттік күзет қызметінде әр түрлі офицерлік және басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. 2017-2019 жылдары Ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет еткен. 2019-2022 жылдары Мемлекеттік күзет қызметінде  түрлі басшылық лауазымдарда қызметте болды. 2009 жылы Президент Күзет қызметінің офицері болған. 2022 жылдың 18 мамырынан 2024 жылдың 10 қаңтарына дейін Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары болған. Қаңтар айында Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымынан босатылған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

CONNECTED-2024 конференциясы аясында стартаптар көрмесі мен халықаралық конкурс өтеді

redaktor_qazyr

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мектептегі хиджаб кию мәселесіне жауап берді

redaktor_qazyr

500 мың тұрғын көгілдір отынға қол жеткізеді: Жетісуда ірі жоба жүзеге асып жатыр

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz