Үмітің үзілмесін…
Үміт деген немене,
Жүрек соғар жыр кеме.
Үміт деген көңілің,
Орап алар бүлдеге.
Үміт өмір жанарың,
Үміт гүл ғой пырағың.
Үміт пенен аттанып,
Көз көретін шырағың!
Үмітсіз адам бір шайтан,
Өмірге ұмтыл қарағым.
Сол үміт ғой беретін,
Адамдарға сана мұң!
Адам боп келіп дүниеге,
Иманың болсын үмітті.
Жамандық болмай өмірде,
Жақсылықты кім күтті. ?!
Ғасыр келед үмітпен,
Бабалар өткен Асылдар.
Үмітпен жүргей қазағым
Алдыңда талай асу бар!
Үмітім менің үмітім,
Жүрегім ғой жазғаны.
Көңілім менің көңілім,
Үмітімнің ардағы!
Өлең мен келіп үмітім,
Күзіме өлең тағы үміт.
Жапырақтар сарғайса,
Көктем келер жылды күт!
Қалмағанбет Бауыржан.