Qazyr.kz порталы
Руханият

Үнсіз ойлар

Үнсіз ойлар

Күздегі күркіреген жаңбырлардай,
Кеудемде үнсіздік бір жаңғырғандай.
Жолықтырып,
ғашық қылып,
сағындырып,
Екеумізді қоспаған тағдыр қандай?!

Көзімнің оты жанды,
Сөнген ед сағыныштан.
Сені іздеп өткен күндер,
Таусылды сағым құшқан.

Өзекті өртеуменен,
Тоқтамас өмір жалған,
Қара көз қайда екенсің?!
Кездейсоқ нөмір алған.

Жақындау танымаған,
Құлшынды жаным саған.
Кірбіңді ете көрме,
Көңілді жадыраған…

Өткелін өтіп өмірдің,
Ізіңе бір сәт қарашы.
Сезімді жұтып қойды ма?!
Салқындықтардың арасы.
Тіл қатпай үнсіз тынады,
Суыған көңіл жарасы.
Ескермей жүрген қолдағы,
Бақыттың қандай бағасы?!

…Білсінші,
Сырларымды біле берсін.
Күлсінші,
Зымияндар күле берсін.
Адалды айырбастап кете алмаймын,
Елең еткен елеусіз жүрек үшін.

03.08.2016ж Алматы
Біржан Досжан

Ұқсас жаңалықтар

«Шал» сөзінің мағынасы не?

redaktor_qazyr

Әлемдегі ең үлкен аққала

Redaktor Site

Гүлбақыт Қасен — Жылап келемін

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz