Qazyr.kz порталы
Руханият

Бақыт қандай

Бақыт қандай

Қандай екен бақыт деген ,бәтшағар?
Пайдасы не тек тапталып жатса ар?
Бақытсыз боп өтетін де шығармын,
Теңізіне көңілімнің батса зар…

Сұлу ма екен жүзі оның күлетін,
Сырларымды толық қанды білетін.
Суыса да сұсты болып келбеті,
Итке айналып кетпесе екен үретін.

Жо-жоқ,аулақ,кір жұғады жаныма,
Есерлікті енгізбеші қаныма.
Сен күлерсің мазақ етіп шаттанып,
Ал,мен болсам күрсінемін тағы да.

Тағдыр деген сынақтармен шыңдайды,
Зәресі ұшып періште де ымдайды.
Жанарлары жасқа толып аяғы,
Үнсіз ғана жүрегімді тыңдайды.

Сорым ба әлде,
біле алмадым,бағым ба?
Үңілемін үміт болған сағымға.
Тізгіндеймін айуанның толқынын,
Тоқтау айтып бойымдағы ағынға.

Қандай екен бақыт деген ,бәтшағар?
Пайдасы не тек тапталып жатса ар?
Бақытсыз боп өтетін де шығармын,
Теңізіне көңілімнің батса зар…

21.07.2019ж
Біржан Досжан

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының халқы

Redaktor Site

Алматыда ұлттық спорт фестивалі өтіп, достық пен бірліктің үлгісін көрсетті

admin_qazyr

Қазақ

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz