Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында Түркістан облысының 18 жастағы Мұхамедияр Тастан есімді борышын өтеуші сарбаз, өзінің басына екі рет оқ атып қайтыс болды,деп хабарлайды Qazyr.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 7 қараша күні кешкі уақытта болған. 19 жастағы шекарашы сарбаз өзінің басына АК-47 мылтығынан екі рет оқ атқан. Марқұм сарбаз Түркістан облысының тумасы екен.Оқиға орнынан ешқандай қоштасу хаты табылмады. Сарбаз оқ жарақатын алса да, өлімінің себебін «механикалық тұншығу» деп көрсеткен.Қазір аталған дерек бойынша тергеу басталды.
Ал марқұм жігіттің туыстары оның өзін-өзі атып өлтірді дегенге күмәнданып жатыр.Шекара қызметіне әскерге алынуы үшін 3 рет психологиялық тесттен өтіп, денсаулығы жақсы деген анықтама алған. Марқұм әскерге кеткелі жиі ақша сұраған.