Qazyr.kz порталы
Руханият

Заман-ай

Заман-ай

Мына заман жылататын баланы,
Мына заман меншік қылған даланы.
Мына заман ақты қара ететін,
Мына заман жаба салар жаланы.

Бұл заманда дөкей бәрін алады,
Бұл заманда кедей жұртта қалады.
Үсті-үстіне заң шығарып билігім,
Желкемізге таңба түбі салады…

Симка орнатып миымыздың орнына,
Тендер ұтып пысық пайда табады.
Ағылшынша сайрап қазақ ұрпағы,
Қысқарады қазақ тілі сабағы…

Жұмыссызға салық салып тағы да,
Бейшараның азаяды тамағы.
Өзгелерге құшақ жайған бастықтың,
Ұлтым десе түйіледі қабағы.

Ала сөмке толтырып ап базарда,
Иығына қамқор ана салады.
Қалайсыз деп сұрай қалсаң жағдайын,
Шүкір ғой деп күбір ете қалады…

Заман-ай

28.12.2018
Біржан Досжан

Ұқсас жаңалықтар

Силла патшалығы

Redaktor Site

Мустанг жылқылар туралы қысқаша тарих

Redaktor Site

Спартак көтерілісі

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz