Qazyr.kz порталы
Руханият

Шыдамның шегі

Шыдамның шегі

Қонақ қылып өзгені аялаған,
Ал,өз ұлтын аз да болса аямаған.
Билікке өкпелеумен кетіп қалсам,
Туған жердей жер табу қайда маған?

Қара судай толықтай қайнамаған,
Заңға қарсы үн шықты айналамнан.
Ойлап тапқан адамдар отырып ап,
Аумайды екен есерсоқ қайнағамнан.

Қайынағамды сыйлаймын шыдап жүріп,
Ол да мені алдайды сынап тұрып.
Тыныш болсын Отаным дегендіктен,
Айтқанына көнемін құлақ түріп.

Қарап көрдім араласпай дау-шуына,
Шыдам бірақ ақырын таусылуда,
Кірлеп кеткен жүрегін қайынағамның,
Барып шайып көрем бе тау суына.

Адасқанмен кішкене әу басында,
Оралса екен қайынағам тәубасына.
Араз болып жүргенде туысқандар,
Сүмірейіп тұрмайық жау қасында!

14.01.2017ж
Біржан Досжан

Ұқсас жаңалықтар

Қайдасың

Redaktor Site

Абай Құнанбайдың екінші қара сөзі

redaktor_qazyr

Сәкен Жүнісов

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz