Qazyr.kz порталы
Қазір

Жаңа әкім қалалықтарға үндеу жасады

Алматының жаңа әкімі Дархан Сатыбалды алматылықтарға үндеу жасады. Дархан Сатыбалды алматылықтарды қаланы бірге көркейтуге шақырды, деп хабарлайды Qazyr.kz.

Қала әкімі Instagram парақшасында алғашқы жұмыс күнінде Мемлекет басшысы қабылдағанын жазды.

«Президент қала дамуына қатысты нақты тапсырмалар берді: тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу, экономиканы әртараптандыру, қаланың инфрақұрылымын кешенді жаңғырту, жол-көлік жүйесін жақсарту және экологиялық мәселелерді шешу», — деді ол.

Оның айтуынша, әкімдіктің басты міндеті — әрбір алматылықтың мүддесіне сай қаланың түйткілді мәселелерін шешу.

«Алматылықтардың әл-ауқаты мен жайлы өмірі үшін адал әрі жанашырлықпен еңбек етіп, қаламыздың гүлденуіне бар күшімді салу — мен үшін үлкен мәртебе. Құрметті алматылықтар, тізе қосып еңбек етсек, Алматыны одан әрі көркейте аламыз деп сенемін», — деп жазды Дархан Сатыбалды.

Айта кетейік, 24 мамырда Мемлекет басшысының жарлығымен Дархан Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды.

Ұқсас жаңалықтар

Астанада тұрғындарды тіркеу тәртібі күшейеді: “резеңке пәтерлерге” заңмен тыйым салынбақшы

admin_qazyr

2 жасар бала Каспий теңізіне батып кетті

redaktor_qazyr

Нағыз журналист болу ол өз өміріңді бәске тігумен тең

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz