Qazyr.kz порталы
Руханият

Жандарбек Бұлғақов — Қазақ бүгін бөлініп қырық руға

Қазақ бүгін бөлініп қырық руға,
Керісіп, келісе алмай кері кетіп ең.
Соткасының бетіне руын жазып,
Біреулер мақтанады әулетімен.

Біреулер кепкасына руын жазып,
Кердең басып жүреді сол бетімен.
Көлігінің артына руын жазған,
Қазақ көрсем ұяттан жерге кірем.

Тіпті біреу руын жаздырады,
Үйінде ілгізсе де төрге кілем.
Ұлы жүз, орта жүз не кіші жүз боп,
Бөлініп болсақ дейді ел бекіген.

Қазақстаннан бөлек ел құрамыз деп,
Тиіп жүр кейбір надан елге түлен.
Бір қазақ бір қазақты жақсы көрмей,
Біздің ел оңбайды бұл келбетімен.
Руға бөлінгегі қазақтардың,
Құруға асыққаны жер бетінен.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Күрсінбеші

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz