Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚоғамРуханият

Түркістанда мәуліт кеші аталып өтті

QAZYR.KZ: Бүгін, Түркістан облысы, Сайрам ауданы имамдарының ұйымдастыруымен аудандық Мәдениет сарайында Мәуліт айының құрметіне және 1 – қазан Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай «Қазыналы қарттарымыз аман болсын!» тақырыбында рухани кеш өтті. Кешке Түркістан облысының Бас имамы Ержан қажы Сматұлы, ақсақалдар, ардагерлер, аналар, елімізге белгілі ақындар, дін қызметкерлері және аудан тұрғындары қатысты. Кешті арнайы Құран оқумен және Мәуліт жырларын шырқаумен бастап, құттықтау сөздермен жалғасты. Шара барысында рухани әңгімелер айтылып, Пайғамбарымыздың өмір жолынан насихаттар айтылды. Кеш жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Кешке келген әрбір жан рухани азық алып, алғысын білдіріп қайтты. Кеш соңында облыс Бас имамы аудандық «Сәт» телеарнасына арнайы сұхбат берді.

Ұқсас жаңалықтар

БРИКС доллардан бас тартса, Трамп салықты еселемек

redaktor_qazyr

Беймәлім Алаш қайраткері

Redaktor Site

2024-2025 жылдарға арналған жұлдыз жорамал

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz