Мәдениет

Жәнібек Салқынбек — жаның тәтті-ай

Жетеді екен өлшеулі шамаң кімге?
Бұйрығың жүрмес жүйрік сараң күнге.
Жұмыстан еш уақыты болмайтындар
Оразаға дайындал карантинде.

Бассын десең әрқашан көшім алға,
Кір келтірме ендеше досым арға.
Тәж вирусы сынақ боп келді бізге
Бастағы иман тәжін шешіп алма.

Қорықсаң әрине қос көрінеді,
Сәлемнен адам қашан өліп еді.
Сабынмен қолды жусаң кірі кетер
Амандассаң күнәлар төгіледі.

Жетеді, доғарайық, болды осымен,
Пенденің көңлі тояр тәубасымен.
Ризықсыз қалдырса Алла аш жатасың
Жисаң да азық-түлік тоннасымен.

Жақсылықты тілейді дұға біткен,
Сабырменен өтеміз мына жүктен.
Мешіттің жабылғаны біреуге оңай
Жамағатқа қиын ғой жұма күткен.

Мұсылманның бас иер бәрі иланып,
Қайту жоқ жатса дағы жан қиналып.
Алладан бұйрық келсе Әзірейіл
Маскадан да түріңді таниды анық.

Жасырсаң да жалғанда жаның тәтті-ай,
Ажал жетсе алмайсың көріңді аттай.
Қазір көбі ойланбай қорқып жатыр
Вируссыз адамдарға өлім жоқтай.

Ұқсас жаңалықтар

Әке

Redaktor Site

Нас сүресі

redaktor_qazyr

Байлық, кедейлік туралы мақал-мәтелдер

Redaktor Site

Пікір жазу