Qazyr.kz порталы
ӘлемБасты ақпарат

Жапония әлем бойынша алғашқы болып түскен тістерді қайта өсіретін дәрі ойлап тапты

«Жапония,әлем бойынша алғашқы болып, түскен тістерді қайта өсіретін дәрі ойлап тапты»-деп хабарлайды Qazyr.kz.

Жапон ғалымдары,инновациялық дәрі ойлап тапты.Бұл дегеніміз-сіздің түсіп қалған тістеріңіздің, қайта өсіп шығуына мүмкіндік береді.

Жануарлардың, соның ішінде акулалар мен бауырымен жорғалаушылардың кейбір түрлерінің, тістері тұрақты түрде,қайта өсе алатыны белгілі.Ал адамдардың түскен тістері тек екі кезеңді қамтиды.Бірінші кезең сүт тістер,олар түскен соң  екінші кезеңде орнына ақыл тістер өседі,ал олар түссе қайта өсіп шықпайды.Бірақ бізде үшінші рет тістер өсуі үшін қажеттінің бәрі бар екенін көрсететін зерттеулер бар. Дәл қазір бұл үдеріс USAG-1 ақуызын тежеу арқылы қайтадан тістерді өсіру.

Жапондық зерттеу тобы ақуыздың қызметін тежейтін антидене ойлап тапты. Ғалымдар ақуызды дәрімен тежеп,тістің қайта өсе бастайтынын мәлімдеді.Бұл дәрі зертханалық тышқандарда сәтті сынақтан өтті,яғни тышқандарға берілген дәріден кейін,тышқандарға тіс өсіп шыққан.

«Жаңа тістерді өсіру идеясы — әрбір тіс дәрігерінің арманы. Мен онымен аспирант кезімде жұмыс істедім. Мен мұны ойлап таба алатыныма сенімді болдым», — деді Осакадағы Китано медициналық институтының жетекші ғылыми қызметкері Катсу Такахаши.

Қазірдің өзінде дәріні адамдарға қолдануға дайындау жұмыстары жүргізілуде. Ең алдымен, дәрі туа біткен факторларға байланысты ақыл тістерін толығымен жоғалтқан науқастарға беріледі. Бұл «Адентия» деп аталады.Болашақта бұл дәрі кеңінен таралып, қолданылуы мүмкін, — дейді жапон зерттеушілері.

Ұқсас жаңалықтар

Прокурор тәуелсіз журналист Думан Мұхаммедкәрімді 7 жылға соттауды сұрады

redaktor_qazyr

Әлеуметтік желіде,екі егде жастағы ер адамдардың цехтағы сүтке шомылған бейнежазбасы тарады

redaktor_qazyr

Түркістан облысынан Тәжікстанға алғаш рет 16 тонна ІҚМ еті экспортталды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz