Qazyr.kz порталы
БілімҚазір

Әскерге шақыру SMS-хабарлама арқылы келеді

Қазақстан Сенаты әскери қызмет және патриоттық тәрбиелеу мәселелері бойынша заңға енгізілген түзетулерді мақұлдады, деп хабарлайды Qazyr.kz.

Заңдағы ең басты өзгеріс — енді әскери шақыру қағаздары (повестка) азаматтарға SMS-хабарлама арқылы немесе eGov порталындағы жеке кабинетке ресми түрде жолданатын болады.

Сондай-ақ жаңа заң мектептердегі бастапқы әскери дайындық (БӘД) пәні мұғалімдеріне қойылатын талаптарды күшейтеді. Енді оларда міндетті түрде әскери қызмет тәжірибесі болуы шарт. Бұдан бөлек, мұғалімдер әскери жоғары оқу орындарында немесе университеттердің әскери кафедраларында біліктілікті арттыру курстарынан тұрақты түрде өтіп тұруы тиіс.

Сенатор Андрей Лукиннің айтуынша, бұл заң әскерге дейінгі дайындықтың нақты жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Елде қосымша әскери білім беру бағдарламаларын дамыту және әр өңірде арнайы әскери мектептер ашу жоспарланып отыр. Мұндай дайындықтан өткен жастар әскери оқу орындарына түсу кезінде артықшылыққа ие болып, бірден келісімшарт бойынша әскери қызметке орналасу мүмкіндігіне ие болады.

Сонымен қатар, заңда келісімшарт негізіндегі әскери қызметке адамдарды тарту және әскер беделін арттыру шаралары да қарастырылған. Мәселен, мерзімді әскери қызметін өтеген азаматтар екі жыл ішінде жоғары оқу орындарына немесе колледждерге ҰБТ мен басқа да емтихандарсыз түсе алады. Егер олардың оқу ақысы мемлекет есебінен төленсе, олар оқу бітірген соң міндетті түрде еңбек өтілін өтемейді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Алматы әкімі су тазарту нысандарын аралады

admin_qazyr

Балқашта туристік индустриялық аймақ құрылады

admin_qazyr

Астанада жол жөндеу жұмыстары басталды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz