Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Жарың-жан жолдасың

Қасыңнан табылатын қиналғанда,
Қол созған өзіңменен қилы арманға.
Ақылшың болатұғын әрқашанда
Жаныңа жақсы-жаман жиналғанда.

Торына махаббаттың байланғанда,
Асатын әйеліңнен айлаң барма?
«Иманды әйел дініңнің жартысы» — деп
Хадисте айтып өткен Пайғамбар да.

Сезімі сезілетін жанарында,
Тұратын қуанышы қабағында.
Ей, бауырым, құрметте өз жарыңды
Көзіңді сала бермей әр аруға.

Өзгенің көз тастаса бөтен ері
Қызғанғын асыл жарды некедегі.
Жасаған жақсылығың жұбайыңа
Белгілі Жәннәт баққа жетелері.

Жәннәттың енгің келсе есігінен,
Келіспе қу нәпсінің шешімімен.
Жарыңды қызғану да мұсылмандық
Ал қызғанбау шайтанның кесірінен.

Жазып қойған сауапқа Аллам бәрін,
Мұсылмандар бар қандай армандарың?
Пайғамбармен Жәннәтта бір боларсың
Жұбайларыңа жақсы болғандарың.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Отан туралы мақал-мәтелдер

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz