Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Тұрсынхан Абдырахманова

Сүйе білсең,
Сүйсіндіре білер ем.
Сен жымисаң,
Балаша мәз күлер ем.
Сыйлай білсең,
Көтерер ем төбеме,
Көз жұмғанша
Қадір тұтып жүрер ем.

Жанар болсаң,
Болар едім жалының,
Шуақ болсаң,
Болар едім сағымың.
Болар едім
Жайқалған бәйшешегі
Нұр алған бір
Көңілің жаз шағының.

Амалым не,
Ашылмады бораның,
Түтегіңе
Адасқандай боламын.
Аязыңнан
Ақ жанымды қарыған
Әлі күнге
Қалтыраймын, тоңамын.

Ұқсас жаңалықтар

Абай Құнанбайдың отыз сегізінші қара сөзі

Redaktor Site

Билл Гейтстің өмірбаяны

redaktor_qazyr

Ғабит Мүсірепов

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz