Qazyr.kz порталы
Пайдалы кеңестер

Жас-жұбайларға тілек

  • Құрметті жас-жұбайлар көтерген шаңырақтарың биік, босағаларың берік болсын! Махаббаттарың баянды да, тәтті болсын! Өмірлері күндей, көңілдерің гүлдей, армандарың асқар таудай болсын! Тату да тәтті өмір сүріңдер! Екі жасты осы қуанышты күндерімен құттықтаймын. Босағаларың берік, керегелерің кең болсын! Жездем әпкеме адал жар болсын, әпкем осы шаңыраққа қонған бақ болсын! Әрқашан алақандарың ашық, өмірге машық, бір-біріңе ғашық болып, алдағы ұзақ ғұмырды сыйластықта өткізіңдер! Үйлеріңнің іші жанға, сырты малға толсын! Екі жаққа да сыйлы болыңдар Денсаулықтарың зор, Махаббаттарың баянды болсын!
  • Құрметті жас-жұбайлар жаңа өмірге қос аққудай қол ұстасып бірге аттаған қадамдарың құтты болсын! Сендерді бүгінгі салтанатты заңды некелеріңмен, отау құрып, шаңырақ көтерулеріңбмн шын жүректен құттықтаймын. Жаңа өмірге қос аққудай қол ұстасып бірге аттанған қадамдарыңыз құтты болсын! Отбасының қуанышын, алдағы бар өмірлеріңізді сыйластықпен бірге өткізіп, келешектерің тек сәттілікпен жалғаса берсін. Өз жарыңды жаттай күт, жат көрсін де түңілсін, бір-біріңе қадір тұт, жұрт үлгі алсын, үңілсін дегендей екі жүрек сенімдерің ақ, бір-біріңе деген сезімдерің пәк болсын. Жақсы әйел – жігітке біткен бақ, жақсы жар, жайлы қоныс – алтын тақ дейді. Шаңырақтарың биік, босағаларың берік болсын.
  • Сендерге нәзіктік мен шынайы махаббат, сенім мен түсіністік, бақыт тілеймін. Барлық жерде бір-біріңе қолдау көрсете біліңдер. Бір-бірің үшін өмірдің тірегі мен мән-мағынасы болыңдар. Шаңырақтарыңнан тыныштық пен молшылық, мейірімділік пен жылулық кетпесін, үйлерің сәбидің қуанышты күлкісіне толсын. Бірге өткізген әрбір сәтті бағалай біліңдер. Өмір атты өзендерің тұнық, суы мөлдір, арнасы терең, бай болсын. Алла сендерге барлық бастамада қолдау көрсетсін. Ұстасқан қолдарың мәңгі болсын!
  • Құрметті жас-жұбайлар! Сендерді бүгінгі айтулы мерекелерің – шаңырақ көтерген күндеріңмен шын жүректен құттықтаймын. Бір-біріңді мәңгі сүйіп, бақытты болыңдар, сезімдеріңді бағалап, үнемі бір-біріңе қолдау көрсетіңдер. Отбасылық бақыттарың махаббатқа, нәзіктікке және қамқорлыққа толы болсын. Бір-біріңді түсініп, кешірімді болыңдар. Шаңырақтарыңнан көп күттірмей сәбидің қуанышты күлкі естілсін! Махаббаттарың мәңгі болсын!

Ұқсас жаңалықтар

Тамақ өнімдеріне қойылатын гигиеналық талаптар

Redaktor Site

Әтір таңдау тәсілдері

Redaktor Site

Безеудің пайда болу себебі

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz