Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

«Жасөспірім балалар итті үркітемін деп тас лақтырған» Монтайтаста болған оқиғаға қатысты білім бөлімі жауап берді

Сурет:Freepik.com

Түркістан облысы Арыс ауданы  Монтайтас ауылында 13 қараша күні түнгі уақытта болған тұрғын үйдің терезесіне жасөспірімдердің тас лақтыруына қатысты қалалық білім бөлімі жауап берді,деп хабарлайды Qazyr.kz Azatnews.kz-ке сілтеп.

«2024 жылдың 13 қарашасы күні түнгі сағат 00:18- шамасында Арыс ауданына қарасты Монтайтас ауылы тұрғыны Қ есімді азаматша Арыс АПБ-не «102» байланыс номеріне хабарласып терезесін белгісіз біреулер сыныдырып кеткендігі туралы арызданған.
Осы оқиғаға байланысты, Арыс АПБ-нің қызметкерлері тарапынан анықтау жұмыстары жүргізіліп, Жорабек көшесінде жасөспірім балалар үйлеріне кетіп бара жатып өздеріне ит жүгіргеннен соң итті үркіту мақсатында тас лақтырғанда абайсызда терезеге тиіп кеткендігі анықталған. Бұл мәселелер бойынша үй иесі өзінің ауылының жасөспірім балаларына қояр арыз-шағымы жоқ екендігі туралы жазбаша түсініктеме берген. Түнгі уақытта болған жағдайға байланысты тұрғын үйдің әйнектері балалардың ата-аналары есебінен қалыпқа келтіріліп, жұмыстар жүргізілді.
Білім бөлімі тарапынан мектеп директорына жасөспірімдердің түнгі уақытта ата-анасыз көшеде жүрудің жауапкершілігі туралы балаларға және олардың ата-аналарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу тапсырылды.»,-делінген Арыс қаласының білім бөлімі мәлімдемесінде.

Ұқсас жаңалықтар

Путин:«Жақын арада Қызылорда, Тараз және Түркістан қалаларында үш орыс мектебі салынады деп сенеміз»

redaktor_qazyr

Сіз 3 сағатта жаңа мамандық иесі атанғыңыз келе ме? Skills Enbek платформасы көмектесуге дайын

admin_qazyr

24 мамырда барлық мектептерде бірыңғай сынып сағаты өтеді  

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz