Qazyr.kz порталы
Пайдалы кеңестер

Жастарды ұрып-соғудың зияны туралы дерек

Фото: freepik.com

Баланың қандай да бір сыртқы белгілері мен мінез-құлқына қарап балаға зорлық-зомбылық жасалғанын болжамдауға болады. Бірақ ол үшін қандай да бір жалғыз белгі емес, бірнеше белгінің болуы маңызды.
Бірлесіп келгенде адамның назарын аударып, сақтандыратындай жалпы және нақты белгілерді атап көрсетелік:
1. Бала нашар дамиды: оның психикалық және физикалық дамуы жасына сәйкес келмейді.
2. Бала күтім көрмеген, ұқыпсыз, үстінен күлімсі шығады. Ол сүлесоқ, жиі жылайды немесе керісінше, агрессивті, ызалы мінез танытады.
3. Бала өзгермелі мінез-құлық танытады: ол үнемі тыныш қалыптан күрт қозған немесе керісінше жағдайға өтіп отырады. Мұндай мінез-құлық көбінесе баланың басқа балалармен нашар байланысқа түсуіне себеп болады, оның оқшаулануына, топтан бөлінуіне алып келеді.
4. Бала өзінің денесіне жиіркенішпен қарайды, тіпті өзіне дене жарақатын салуға дейін барады.
5. Ол шешінуден бас тартады, ыңғайсыз жерлеріндегі көгерген орындар мен жараларды көрсетпеуге ұмтылады.
6. Оған сырқаттанғанын айтып, басының ауырғанына, ішінің ауырғанына, зәр шығару органда ры айналасындағы қабынуларға байланысты қайта-қайта шағымдану тән.
7. Бала таныс ер адамға (әкесіне, ағасына, көршісіне және т.б.) немесе анасына қатысты анық өштестік немесе қорқынышты сезінеді.
8. Қол көтерілген жағдайда қалшылдап, дірілдейді (соққыдан қорқып, жиырылады).
9. Басқа балалардың басында болған секілді етіп зорлық-зомбылық немесе сексуалдық тұрғыдан емексу жағдайлары туралы айтады.
10. Жоғарыда аталған белгілерге сондай-ақ ұйқы

Ұқсас жаңалықтар

Көздің нашарлауының белгілері

Redaktor Site

Бала тәрбиесінде үлкендер жіберетін қателіктер

redaktor_qazyr

Үш жүз туралы не білесіз?

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz