Qazyr.kz порталы
АймақАуыл шаруашылығыБасты ақпаратҚазір

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев инвесторлармен кездесу өткізді

Бейбіт Исабаев инвесторлармен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар инвестициялық ынтымақтастықтың, соның ішінде агроөнеркәсіптік кешен саласының инвестициялық мүмкіндіктері мен әлеуеті туралы мәселені талқылады, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қытайлық серіктестердің қатысуымен өңірде бірқатар жобалар іске асырылып жатқанын айтқан облыс әкімі аграрлық бағыттағы Жетісу облысы үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бойынша ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде «Qingdao Wanlin Food Co., Ltd» инвестор компанияның құрылтайшысы әрі бас директоры Ли Янтао өз компаниясының екі бағытта, яғни пияз, сарымсақ, сәбіз, картоп сияқты ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және қайталай өңдеумен айналысатынын жеткізді. Бұл ретте пияз өсіру үшін қолайлы табиғи-климаттық жағдайларды ескере отырып, инвестор өңір аумағында осы дақылды өңдеу зауытын салу туралы ұсынысын білдірді.

Перспективалы жобаны іске асыру жолдарын талқылай келе, тараптар кәсіпорынды облыс аумағында орналастыру мүмкіндігін қарастыру жайын келісті. Зауытқа керекті шикізатқа келсек, облыс әкімі бұған қатысты бірінші кезекте жергілікті шаруашылықтармен ынтымақтастық орнатудың маңыздылығын атап өтті.

— Біз өз тарапымыздан зауытты орналастыру мәселесін пысықтаймыз. Ал сіздер жағынан болашақ кәсіпорынның егжей-тегжейлі жобасын күтеміз. Әрине, біз үшін инвестиция, бюджетке түсетін салық түсімдері маңызды, бірақ ең бастысы – жергілікті тұрғындарды жұмысқа орналастыру, оларға лайықты жалақы төлеу. Жетісу облысы мен ҚХР-ның географиялық жағынан қолайлы орналасуы бірлескен жобаларды іске асыруға кең мүмкіндік береді. Біз инвесторларға заңдық негізде қажетті қолдау көрсетеміз, — деп сөзін түйіндеді өңір басшысы Б. Исабаев.

Атап өтсек, Жетісу облысында Қытайдан келген серіктестердің қатысуымен өнім өңдеу, баламалы энергетика және логистика саласында жалпы сомасы 80 млрд. теңгеден астам сомаға 4 инвестициялық жоба іске асырылған.

Ұқсас жаңалықтар

Украина Ресейге АҚШ-тың ATACMS зымыранымен алғашқы шабуылын жасады

redaktor_qazyr

Бокс Олимпиада ойындары қатарынан алынып тасталуы мүмкін

Redaktor Site

Грузия Премьер-министрі қызметке кіріскеннен кейінгі алғашқы шетелдік сапарын Қазақстаннан бастады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz