27.3 C
Шымкент
10-Сентябрь, 2025
Qazyr.kz порталы
ҚазірҚоғам

«Жомарт жан» орталығы: Қазақстандағы бірлік пен мейірімділіктің символы

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған республикалық «Жомарт жан» орталығы бүгінде ел көлемінде қайырымдылық пен ізгіліктің ұйытқысына айналып отыр. Орталық құрамына еліміздің 20 өңірінен 340-тан астам меценаттар, қайырымдылар мен еріктілер бірігіп, қоғамның әлеуметтік дамуына өз үлестерін қосуда.

Орталықтың негізгі бағыты – әлеуметтік бастамаларды үйлестіру, аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету, төтенше жағдайдан зардап шеккендерге жәрдем беру және әлеуметтік осал топтарға қолғабыс жасау. Сонымен қатар әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту ісінде де атқарып жатқан жұмыстары аз емес.

Биылдың өзінде «Жомарт жан» орталығының бастамасымен 476 қайырымдылық жобасы жүзеге асырылып, жалпы сомасы 304 миллион теңгеге жуық көмек көрсетілді. Ал өткен жылы республика көлеміндегі акциялар аясында мұқтаж жандарға берілген жәрдемнің көлемі 1,3 миллиард теңгеге жеткен.

Бұл көрсеткіштер – «Жомарт жан» орталығының ел ішінде қайырымдылық мәдениетін қалыптастырудағы рөлінің айқын дәлелі. Қайырымдылық пен мейірімділікке негізделген осындай бастамалар қоғамдағы бірлікті нығайтып қана қоймай, ортақ жауапкершілікті арттырады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы орталықтың жұмысы – елдің әр азаматының жүрегіндегі ізгілік пен жанашырлықты оятуға бағытталған. «Жомарт жан» – бүгінгі қоғамда бірлік, мейірім және жауапкершіліктің символына айналды.

Ұқсас жаңалықтар

QazNews24 сатиралық парақшасының авторы Темірлан Еңсебек 2 айға қамауға алынды

redaktor_qazyr

Үкімет резервінен шаруаларды қолдауға 116 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді

admin_qazyr

Оңтүстік Кореяда Air Busan әуекомпаниясының ұшағы өртенді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz