Qazyr.kz порталы
Қазір

ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый

Қазақcтан халқы Ассамблеясы мен Республикалық тәжік этномәдени бірлестігінің бастамасымен Түркістан облысында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізілді.

Бұл жолы Фирдауси, Ақжол және Азамат ауылдарының оқушыларына қолдау көрсетілді. Жаңа оқу жылы қарсаңында 140 бала мектеп формасының жиынтығы мен қажетті оқу-құралдарын алды.

Іс-шараға ҚХА мүшесі, Астана қаласындағы «Ырыскелді қажы» мешітінің имамы Яхияхожа Исмаилов, сондай-ақ Қазақстанның Республикалық тәжік этномәдени орталығының төрағасы, ҚХА Кеңесінің мүшесі Акбаржон Исмаилов қатысты. Құрметті қонақтар балаларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, табыс пен білімге құштарлық тіледі.

Бұл қайырымдылық бастама — отбасы құндылықтары мен дәстүрлерге адалдықтың жарқын үлгісі. Көп жылдан бері Исмаиловтар әулеті жерлестеріне тұрақты қолдау көрсетіп, жас ұрпаққа қамқорлық жасауды игі дәстүрге айналдырып келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Мотоциклмен жылқы айдаған Қаражал қаласының тұрғыны үш күннен кейін табылды

redaktor_qazyr

Өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік: Шыңғыс Арынов өзекті мәселелерді көтерді

admin_qazyr

Ұлытауда жылу және су нысандары жаңғыртылуда: Премьер-министр ЖЭО мен тазарту жүйелерін тексерді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz