Qazyr.kz порталы
БілімҚазір

ЖОО-ға түсу тәртібіне өзгерістер енгізілді

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу ережелері жаңартылды. Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2025 жылғы 8 шілдедегі бұйрығына сәйкес, талапкерлерге қойылатын талаптарға бірқатар өзгеріс енгізілді деп хабарлайды Qazyr.kz

Енді мемлекеттік грантқа, жергілікті бюджет есебінен оқуға немесе ақылы бөлімге түсу үшін талапкерлер жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе арнаулы орта білімінің болуы тиіс. Ең басты шарт — ҰБТ тапсырып, белгіленген балл жинау. Мысалы, ұлттық университеттерге түсу үшін кемінде 65 балл, педагогикалық бағытта — 75 балл, медицина саласына — 70 балл, ауыл шаруашылығы мен ветеринарияға — 50 балл жинау қажет. Құқықтану бағытына да ең төменгі шек — 75 балл.

Сондай-ақ, жаңадан ашылған ұлттық ЖОО-ларға және өзге де жоғары оқу орындарына түсу үшін де балл көрсеткіштері нақтыланған. Айта кетерлік жайт — педагогика мен медицина саласына талап әдеттегіден жоғары. Сонымен қатар, Қазақстан тарихы, екі бейіндік пән және шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл, оқу сауаттылығы мен математикадан кемінде 3 балл алу міндетті.

Жаңашылдықтардың бірі — қысқартылған оқу мерзімі бар бағдарламаларға түсу мүмкіндігі. Мұндай мүмкіндік техникалық және кәсіптік білімі бар азаматтарға беріледі. Олар ең төменгі 25 балл жинаса жеткілікті, ал педагогикалық бағытта — 35 балл қажет.

Сондай-ақ, әскери қызметін өтеген жастар үшін де жеңілдік бар. Олар армиядан келген соң екі жыл ішінде ЖОО-ға ақылы бөлімге әңгімелесу арқылы түсе алады. Сонымен қатар, шетел азаматтарына, оның ішінде ағылшын тілінде білім алғысы келетіндерге тіл меңгеру сертификаты талап етіледі.

Магистратура мен докторантураға түсу ережелері де нақтыланған. Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу немесе емтихан тапсыру керек. Әскери қызмет өткерген азаматтар үш жыл ішінде профильдік магистратураға әңгімелесу арқылы түсе алады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан теміржол саласында 4 ірі жоба жүзеге асырылып жатыр

admin_qazyr

Дулат Бабатайұлы

Redaktor Site

Қазақстан тарихы. Сұрақтар жауабымен

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz